Алматы облысында түрменің экс-басшысы мен бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шешімді Қапшағай қалалық соты қабылдады.
Алматы облысында түрменің экс-басшысы мен бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шешімді Қапшағай қалалық соты қабылдады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық сотымен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша РММ ЛА-155/8 ДУИС мекемесінің бұрынғы басшысы Абайдан Жаңаберген және осы мекеменің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.
"Іс материалдарына сәйкес, Жаңаберген ЛА-155/8 мекемесінің басшысы бола тұра, бас есепшімен бірге мекеменің ішінен дүкен үшін алаңды жалға алған жеке кәсіпкерді тексеру-өткізу орнынан кедергісіз өткізу үшін және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға тауарларды сату мақсатында ай сайын ақы төлеуге мәжбүрлеген. Осылайша сыбайластар жеке кәсіпкерден 230 мың теңге көлемінде пара алды", - дейді соттағылар.
Сот үкімімен Жаңаберген мен бас есепші ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуы") кінәлі деп танылып, басқарушы лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылып, мүлкі тәлкіленіп, оларға жалпы режимді түзеу колониясында 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.