Алматы облысында үй иелерін тонап кеткен қызметші ұсталды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында үй иелерін тонап кеткен қызметші ұсталды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, 9 маусымда Кербұлақ аудандық полиция бөліміне Қоғалы ауылының 67 жастағы тұрғыны өзінің 350 мың теңге ақшасын ұрылардың үйінің терезесі арқылы қолды қылғаны туралы арызданған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша тіркелген.
"Ұсталған Ескелді ауданының 37 жастағы тұрғыны 2004 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған. Күдікті ұрланған ақшаға ауыл дүкендерінің бірінен әмиян мен көзілдірік сатып алу кезінде ұсталды. Жеке тексеру қорытындысына сәйкес күдіктіден қолды болған ақша соммасы толық емес күйінде алынды, әйелдің қалған соманы қайда жұмсағанын тергеу амалдары анықтап жатыр", - деді Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлішер Каптағаев.
Үй иелерінің қонақ бөлмедегі сандықта үлкен ақша сомасын сақтайтынын екі күн бойы үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйелдің білгені анықталды. Ұрлық жасауға бел буған ол түнгі 03.00 шамасында терезе арқылы ақшаны алып, жасырынған.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!