Алматы облысында үйлену тойында оқ атқан ер адам жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында үйлену тойында оқ атқан ер адам жазаланды Видеодан алынған

Алматы облысында үйлену тойында атыс шығарған ер адам жазаланды. Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында үйлену тойында атыс шығарған ер адам жазаланды. Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша Алматы облысы Талғар аудандық соты 2021 жылдың 27 мамырында ер адам "Айсұлтан" мейрамханасында өткен іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, RETAY PT-24 белгі беретін тапаншасынан төрт оқ атқанын анықтады.

"Маман қорытындысына сәйкес, RTAID-170900970 нөмірлі RETAY PT-24 тапаншасы атыс қаруы емес. Бірақ 9 миллиметр калибрлі белгі беретін тапанша саналады. Зерттеу кезінде тапанша ату үшін жарамды екені анықталды", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

"Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, жас баласы бар екенін ескерді.

Соттың 2021 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК - 13 890 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - деді ведомство өкілі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети