Алматы облысында заңсыз аң аулаған бір топ адам ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматы облысында заңсыз аң аулаған төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында заңсыз аң аулаған төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар атып алынған қырғауылдан сорпа жасап, тамақтану кезінде ұсталған.

Аңшылар тобы 3 мамыр түнде Талдықорған қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Сарыбұлақ өзені мен Алматы-Семей автожолының арасында балық және аң аулау ережелерін бұзу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен "Бүркіт-163" патрульдік экипажының бірлескен рейд іс-шарасы барысында ұсталды.

"Күдіктілердің төртеуі де жергілікті тұрғындар, олардың бірінен тіркелген 12 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған дерек Талдықорған ҚПБ АТК тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ аң аулау ережелерін бұзу) және 476-бабы 6-бөлігі (төтенше жағдай кезінде карантинді бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына (атыс қаруын пайдалану, сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) сәйкес шаралар қолданылу үшін қару тәркіленіп, лицензиялық-рұқсат беру жүйесіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар төтенше жағдай кезінде аң аулағандарын және карантин ережелерін бұзғанын толық мойындады.

Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында "Уылдырық шашу" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полиция облыс тұрғындарын балық ресурстарын, жануарларды заңсыз аулау және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін жою заң бойынша қудаланатынын ескертеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro