Полиция қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық әрекеттерге күдікті азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қылмыс 11 сәуірде орын алған. Қарақшылар медициналық бетперде киіп кәсіпкердің үйіне кірген. Олар үйдегі егде жастағы әйелді қарумен қорқытып, ұрып-соғып, қымбат бұйымдарды және миллион теңге көлеміндегі шетел валютасын алып кеткен.
Қарасай аудандық Ішкі істер қызметкерлері мен Алматы облысы Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері 4 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олардың үшеуі Қостанайдан келген, біреу алматылық азамат болып шықты. Тұтқындалғандардан "Стражник" пистолеті тәркіленген.
Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап, түсініктеме берді. Қазір олар қамауға алынып, "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері осы топтың облыстағы басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде.