1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысының 20 жастағы тұрғыны дәрілерді қымбат бағада, рұқсатсыз сатқан

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысының 2000 жылғы тұрғыны дәрі-дәрмекті қымбат бағада, арнайы рұқсатсыз сатқан. Ол - жіті респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған препараттар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы Экономикалық тергеу департаменті Қаржылық мониторинг комитетінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп рейд жүргізген. Тексеру барысында 2000 жылғы қыз заңсыз дәрі-дәрмек сатқаны анықталған. 

"Ол жіті респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған препараттарды қымбат бағада, арнайы рұқсат қағазысыз, лицензиясы сатқан. Тергеу барысында "Клексан", "Фраксипарин", "Зитмак-500" және жалпы құны 200 000 теңгеден асатын дәрілер тәркіленді", - делінген хабарламада.  

Материалдар Алматы облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Дәріні заңсыз сатқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Комитет өкілдері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқандар, сондай-ақ препараттарды бөлшек және көтерме саудада сатқандар, белгіленген шекті бағаларды бұзғандар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!