Полицейлер Үштөбе ломбардты тонаған 6 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыс туралы 2016 жылы 5 тамызда белгілі болған. Ведомствоның мәліметі бойынша, күдіктілердің жасы 26-30 жастың аралығында.

Қаратал ауданының полицейлеріне хабарлама түскен. Ведомствоның мәліметі бойынша, белгісіз біреулер қалалық ломбардтың қабырғасын бұзып, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген залал - 46 миллион теңгені құраған. " Жедел шаралар барысында Қаратал аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп қылмыс жасаған күдіктілерді анықтап, ұстаған. Атқарылған шаралар барысында қазіргі уақытта алты адам ұсталған олар - Көксу, Талғар аудандарының және Талдықорған тұрғындары. Ұсталғандардың барлығы қамауда", - дейді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомстводағылар полицейлердің 4 қымбат автокөлікті қамауға алғанын хабарлады. Ол көліктер ұрланған ақшаға алынғаны анықталған. Ұрланған заттар іздестіріліп жатыр.