Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысының тұрғыны екі адамды қарыз бермегені үшін өлтірді 25 ақпан 2015, 13:21

Қарыз бермегені үшін танысы мен оның әйелін өлтірген азамат 18 жылға сотталды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© 112.ua © 112.ua

Алматы облысының тұрғыны қарыз бермегені үшін екі адамды өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған Лопатин өзімен бұрын бірге жұмыс істеген танысын қарыз бермегені үшін өлтіріп кеткен. Сонымен қатар, қылмысын жасыру мақсатында танысының азаматтық зайыбын да куәгер болғаны үшін құрбан еткен.

"Лопатин екі адамды да қылғындырып өлтірген. Айыпталушы жәбірленушілердің сейфінен ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлаған", - делінген хабарламада.

Лопатин ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі "к" тармағы және 175-бабы 2-бөлігі "в" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

 


Join Telegram