15 қараша 2017 | 22:50

Алматы орталығындағы арнайы операция: Ұсталғандардың бірі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cот Алматыдағы арнайы операция кезінде қолға түскен ер адамды қамауға алу туралы санкция шығарды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Cот Алматыдағы арнайы операция кезінде қолға түскен ер адамды қамауға алу туралы санкция шығарды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін хабарлағандай, 2017 жылдың 12 қарашасында шамамен сағат 23.00-де Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, 1969 жылғы Әлеуханов Дәурен Тұрсынұлы мен 1994 жылы дүниеге келген Шалабаев Марлен Кантайбековичті қолға түсірген еді. Екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленген болатын.

Сот Әлеуханов Дәуренді екі айға қамауға алды. Ал екінші күдікті сотта болмады. Әлеухановтың айтуынша, қолға түскеннен кейін ол асфальтта бір жарым сағат жатқан.

"Мені суық асфальтқа бір жарым сағат бетіммен жатқызып ұстады", - деді ол.

Қолға түскен ер азаматтың қорғаушысы полицейлердің мәліметтерін жоққа шығарып, бұлтартпау шаралары негізінде соттан шешімін өзгерту туралы сұрады. Ал өз кезегінде прокурор жүргізуші орындығының астынан әскери Ф-1 гранатасы табылғанын айтты.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағы бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сотқа дейінгі тергеу органы Әлеухановты қамауға алу туралы санкция шығаруды сұрайды", - деді прокурор.

Күдікті сот шешіміне қатысты жауап беруден бас тартты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети