16 ақпан 2018 10:39

"Алматы-Петропавл" жолаушылар пойызында жарты миллион теңге ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік полицейлері "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында жарты миллион теңге ұрлағаны үшін 40 жастағы азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД мәліметінше, көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызында ұрлық жасаған Қарағанды облысының 1978 жылы туған тұрғынын анықтап, "ізін суытпай" ұстады.

"Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлеріне 37 жастағы азамат хабарласып, оның сыртқы киімінің қалтасынан белгісіз біреудің 480 000 теңгесін ұрлап кеткендігі туралы айтып, шағымданады. Күдікті өз айыбын толықтай мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды", - деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети