Алматы полицейі "ОСА" қоғамдық бірлестігімен және осы ұйымға құқыққорғаушымен әңгімесі түсірілген видеороликті жолдаған жүргізушімен соттасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полицейі "ОСА" қоғамдық бірлестігімен және осы ұйымға құқыққорғаушымен әңгімесі түсірілген видеороликті жолдаған жүргізушімен соттасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Валерий Соколовтың адвокатының айтуынша (инспектордың мүддесін қорғаушы), сәуір айында oo-osa.org сайтында видео пайда болды. Онда алматылық Дмитрий Федеровтың полицей Ернар Кәкімовпен жанжалдасқаны бейнеленген. Жарияланым "В Алматы полицейские арестовали и сломали смартфон пешехода идущего в магазин за хлебом" деп аталады. YouTube ресурсында видео атауы былапыт сөзбен жазылған, ал Кәкімовті онда "мордатый полицай" деп атаған. Видеоны мына жерден көруге болады.
Ролик 13 минутқа созылады. Тәртіп сақшысы жүргізушіден тексеру үшін құжаттарын сұрайды, жүргізуші бұған қарсы болады. Кәкімов автомобильді тоқтатқан аймақта таяуда тонау дерегі болғанын түсіндіріп, Кәкімовтің іздеудегі адамға тұспал келтіріп отырғанын айтады. Әңгімелесу кезінде жігіт ҚР Конституциясына негізделеді, инспектордан қызметтік куәлігі мен іздестіру туралы хаттаманы сұрайды.
Әңгіме бірнеше минутқа созылып кеткеннен кейін тәртіп сақшысы әріптесімен бірге жүргізушіні ішкі істер басқармасына баруды ұсынады. Федоров бұған қарсы болғанда полицейлер оны патруль машинасына күштеп отырғызып, ішкі істер басқармасына алып кетеді. Мұның бәрін жүргізуші ұялы телефонына түсіріп, телефонының сынғанын және саусағының жараланғанын айтады.
Бұдан кейін Федоров Түрксіб аудандық ІІБ-де арыз қалдырады, онда ол инспектор Кәкімовтің заңға қайшы әрекеттерін жазады. Тергеу қорытындысында полицейдің заңды бұзбағаны анықталады. Сонымен қатар, тергеу кезінде телефонды полицейдің сындырғанына дәлелдің жоқтығы белгілі болады. Оның үстіне полицейдің дене жарақатын салмағаны анықталған.
Өз кезегінде Кәкімов Федоров пен "ОСА" ҚБ-ны жала жауып, ар-намысын қорлағаны үшін жауапкершілікке тартуды сұрап, арызданады. Адвокат Валерий Соколовтың айтуынша, жарияланым тақырыбында полиция қызметкерлерінің беделін түсіру және айдап салу мәні бар. Сонымен бірге, Соколовтың пікірінше, полицейдің жүргізушімен дұрыс сөйлескенін көруге боалды. Мұнымен қатар, жарияланым тақырыбы шындыққа сәйкес емес, себебі Федоровтың қамауға алынғаны жайлы дерек болған жоқ.
Соколов "ОСА" ҚБ басшысынан хат алғанын айтты. Онда бірлестіктің және оның филиалдарының oo-osa.org сайтына ешқандай да қатысы жоқ екені айтылған, сәйкесінше олар жауапкершілік артпайтынын мәлімдеген. Ал YouTube порталынан видеороликті өшіру мәселесі бойынша полицейге және оның адвокатына Google компаниясына хабарласу кеңес етілді. Tenginews.kz редакциясы әзірше қоғамдық бірлестік басшылығымен байланыса алмады.