Алматы полициясы жиһаз жасап беремін деген алаяқтың құрбандарын іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы жиһаз жасап беремін деген алаяқтың құрбандарын іздестіріп жатыр

Алматы полициясы Primo Mebel компаниясы әрекетінен зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы Primo Mebel компаниясы әрекетінен зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметі бойынша, Primo Mebel директоры әлеуметтік желілерде қызметін жарнамалау арқылы клиенттерді қызықтырған.

"Хабарламаға қызыққан тұрғындар оның қызметіне жүгінген. Сенімге кіру үшін тұрғындардың үйіне барып жиһаздың өлшемін алған, тіпті құжат толтырып, ол үшін алдын ала ақша алған", - деді полиция.

Нәтижесінде алданған клиенттер жиһазды да, ақшасын да ала алмаған.

Іс Алматы ПД ҚК-нің іс жүргізуінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қазіргі уақытта 20 адам осындай арызбен полицияға жүгінген. Жалпы материалдық шығын - 10 миллион теңге.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен тұрғындар 8-707-834-83-33 - Әділ Салаев, 8-777-250-68-37 - Ерғали Ыбырайымов және 8-701-624-28-24 - Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети