Автожүргізушіні ұрған "ҰҚК капитаны" полицияның қолына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтып берді. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиға дерегі бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Алматы полициясы жүргізушіні ұрып-соққан бұзақының кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы О деген азамат. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз. Ол ұсталды. Д деген азаматтың арызы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Жүргізуші алған жарақатының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді", - деп хабарлады Әзірбек.
Осыған дейін ер адамның ҰҚК қызметкері емес екендігі хабарланған болатын. Еске салайық, осыған дейін ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері 2014 жылы сәуір айында Алматыда жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өзге жүргізушіге боқтық сөз айтқан жалған "комитетчикті" еске салып, оның шын мәнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемейтінін ескертті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен ер адам өз ісі үшін көпшілік алдында кешірім сұрап, қарсыласын қорқыту үшін ғана өзін "комитетчик" деп таныстырған болатын. "Біздің қызметкерлер өз жұмыс орындарын бағалайды және ешқашан ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері екенін айтпайды", - деді ведомстводағылар. Олардың айтуынша, алдағы уақытта жоспарлы тексеріс жүргізіліп, өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырған ер адамды анықталатынын айтты.