Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады

Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, кешкісін үйіне қайтып келе жатқан кезде Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында белгісіз екі жігіт оны ұрып, оның қолынан IPhone телефонын тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. Күдіктілер қамауға алынды.

"Полицияға жеткізілген күдіктілер - 2002 жылы туғандар. Жауап алып, беттестіргеннен кейін жігіттер өз кінәларын мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу барысында күдіктілердің екі тонауға қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормасына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети