20 қазан 2020 10:55

Алматы полициясы көлік нөмірін ұрлау схемасын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда полиция көлік нөмірін ұрлау схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Алматыда полиция көлік нөмірін ұрлау схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда жыл басынан бері көлік нөмірін ұрлаудың 21 дерегі тіркелген.

Полиция 20 қылмысты ашып, ұрлық жасаған 3 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

"Қылмыскер көліктің нөмірін алып, иесінен арнайы шотқа ақша аударуды талап етеді. Ол арнайы жазба қалдырады. Талап орындалған жағдайда қылмыскер ұрланған көлік нөмірі қайда жасырынғанын айтады.

Бұл құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша сараланады. Себебі, нөмірі ұрланған көліктердің иелері тиісті қаражатты күдіктілердің шотына аударады. Алайда мемлекеттік белгілер қол сұғу нысанасы болып саналмайды, өйткені ол мемлекетке тиесілі және көлік иелеріне уақытша пайдалануға беріледі", - дейді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркен Іңкәров.

Әріп белгілері бар немесе белгілі бір сандар тізбегі көрсетілген атаулы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ұрлау ерекше жағдай болып саналады. Мысалы, 777, GGG және тағы басқа.

"Мұндай деректер ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша сараланады. Жыл басынан бері осындай бір факт тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Біз мұндай жағдайлар болған кезде 102 пультіне дереу хабарласуды сұраймыз", - деді Еркен Іңкәров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети