Алматы полициясы мейрамханалардың біріндегі қыздардың төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы мейрамханалардың біріндегі қыздардың төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видео фастфуд сататын дәмханалардың бірінде түсірілген. Видеодан екі қыздың сөзге келіп қалғанын, оның соңы төбелеске ұласқанын көруге болады. Жанжалға дәмхананың басқа да клиенттері араласып, оларды ажыратуға тырысады. Дегенмен қыздар төбелесті тоқтатпады. Видео 37 секундқа созылған.
Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!
© YouTube/Данияр Еникеев
Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек полицияның видеонs тексергенін хабарлады. Ол қалада мұндай дәмхананың бесеуі бар екенін, оқиғаның нақты қайсысында болғаны әзірше анықталмағанын айтты.