Алматы полициясы ұрланған кәсіпкерді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы ұрланған кәсіпкерді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімшілік полициясының мамандандырылған батальоны Желтоқсан көшесімен оңтүстік бағытқа жүріп бара жатқан Toyota Camry көлігін көрген. Алайда бұл көшеде тек солтүстік бағытқа қарай жүру керек. "Тізгінде отырған ер адам біздің тоқтау туралы заңды талаптарымызға құлақ аспады. Жол қозғалысы ережесін бұза отырып, ер адам айналасындағыларға қауіп төндіре отырып, қашпақшы болды. Алайда Toyota көлігінің алдында Пушкин көшесінің бойында тосқауыл қойылды. Бұл жолы авто жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жаяу қашып құтылмақшы болды. Бірақ фигуранттардың бірі - жүргізуші белсенді түрде қарсылық көрсеткенімен құрықталды", - деп хабарлады Алматы ІІД жол-полициясының полкінің мамандандырылған батальонының инспекторы Елдос Әбдрахимов.
Тәртіп сақшылары автомобиль салонында соққыға жығылған ер адамды тапты. Кейін оны белгісіз біреулердің ұрлап әкеткені анықталды. Ер адам өзінің кәсіпкер екенін айтып берді. Алып қашып бара жатқан кезінде адам ұрлаушылар кәсіпкерге өз талаптарын айтып үлгеріпті - олар оның туыстарынан 1 миллион доллар ақы алмашы болған.
"Ер адам соққыға жығылған. Оған дәрігерлердің жәрдемі қажет болды. Шақыруымыздан кейін бірнеше минут өткенде медициналық бригада келіп жетті. Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері тергеуге араласып, ұсталған азамат пен екі адамның аты-жөнін анықтады. Қашқындарға іздеу жарияланды. Сонымен қатар, айта кетейік, процессуалдық әрекеттердің кезінде автомобильде бетперде, қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгісі және травмат қаруы табылып, тәркіленді", - деді полиция экипажының екінші өкілі Марат Темірбаев.
Ұсталған адамның 45 жаста екені анықталды. Осыған дейін ол қаруды заңсыз сақтағаны үшін, алаяқтық, бопсалау және наркоқылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке бірнеше мәрте тартылған. Полиция екі бап бойынша ("Адам ұрлау", "Билік өкіліне күш қолдану") соталды тергеу жүргізіп жатыр. Фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.