25 қараша 2022 | 12:40

Алматыда ұрланған көліктердің VIN-кодын өзгерткендер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері ұрланған көліктердің VIN кодтарын ауыстырған орынды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері ұрланған көліктердің VIN кодтарын ауыстырған орынды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Күдіктілер жұмыс істеген гараждан жиынтық мәліметтерін жою үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды. Арнайы операцияны Түрксіб ауданының ДП мен криминалдық полиция қызметкерлері жүргізді.

Күдіктілер бұрын сотталған. Олар осы гаражды жалға алғандарын, көліктердің жиынтық деректерін өзгертумен айналысқанын мойындады", - делінген хабарламада.

Гаражды тексеру кезінде пайдаланылған және пайдаланылмаған металдар, қағаз жапсырмалар, бірнеше мемлекеттік нөмірлер, ноутбуктер, мониторлар мен процессорлар табылған.

"Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшылар жиынтық деректерді өзгерту үшін қолданылатын екі лазерлік таңбалау аппаратын, алфавиттік және сандық белгілеулері бар металл баспаларды, көлік құралдарының жиынтық деректерінен ұқсас қаріптерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген көліктерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп қосты полицейлер.

Күдіктілер қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети