Алматы полициясының арнайы операциясы: қарақшылар ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясының арнайы операциясы: қарақшылар ұсталды Фото:polisia.kz

Алматыда арнайы операция нәтижесінде қарақшылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция нәтижесінде қарақшылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Медеу ауданы полициясының мәліметінше, кешкі тоғыз жарымда үш ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған: күш қолданып, ұялы телефоны мен басқа да мүлкін тартып алған.

"Жедел шаралар кешені, соның ішінде қаланың бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жасау арқылы тәулік ішінде қаскөйлердің жүріп өткен жолы, көлік маркасы, сондай-ақ олардың жеке басы анықталды. Бұл – 30, 19, 18 жастағы жергілікті тұрғындар. Күдіктілердің көлігі Тәттімбет көшесінде бөгелді. Шабуылшыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілді. Көліктің ішін тінту кезінде шолақ мылтық табылды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның шығу тегі, қандай қылмысқа қатысы бар екені осы зерттеу нәтижесінде белгілі болады", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде үш тонауға қатысы бар екені анықталды.

Фото: polisia.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети