21 қыркүйек 2016 11:21

Алматы прокуратурасы Слекишинаға қысым көрсетілді деген мәліметті тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Айман Омарова және Наталья Слекишина. © Тengrinews.kz Адвокат Айман Омарова және Наталья Слекишина. © Тengrinews.kz

Алматы Прокуратурасы Наталья Слекишинаның ісін өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіш. Прокурорлар Слекишинаға және оның адвокатына қысым жасалды деген мәліметті тексеріп жатыр. 


Алматы Прокуратурасы Наталья Слекишинаның ісін өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіш. Прокурорлар Слекишинаға және оның адвокатына қысым жасалды деген мәліметті тексеріп жатыр. 

"Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында жәбірленуші Наталья Слекишина туралы әр түрлі пікірде және оның құқығы бұзылып жатқанын жазып жатыр. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін және қысымның болған-болмағандығын анықтау мақсатында прокурорлар тексеріс жасаған. Жағдайды толығымен бақылауда ұстау үшін қала прокуроры Берік Асылов Слекишина мен оның қорғаушысы Айман Омарованы қабылдаған. Осыған дейін, бірінші орынбасар Берік Жүйріктаев Слекишина отырған камераға барып әңгімелескен. Слекишина прокурорларға қылмыстық іске байланысты барлық наразылығын айтты. Алайда, іс жабық түрде өтіп жатқандықтан, қылмыстық істің жай-жапсары айтылмайды", - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, Слекишина өзінің кәмелетке толмаған балалары үшін алаңдаулы. Қала прокуратурасы балаларға қажетті көмек көрсетуді өз мойындарына алды. Қазіргі уақытта Слекишина отырған жерді прокуратура қызметкерлері үш рет тексеріп отырады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тәулік бойы күзетіп отырады. 

"Слкишина мен оның адвокаты жазған арыз Сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қаласы прокурорының бақылауында. Прокуратура өкілдері сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып жатыр және жәбірленушінің құқығының бұзылуына жол бермейді", - деп мәлімдеді құзырлы органда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети