"Алматы суға" 2,3 миллион теңгеге айыппұл салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Прокурорлар "Алматы су" кәсіпорны қызметіндегі бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Жетісу ауданының прокуроры Сәкен Өтемұратов Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар "Алматы су" кәсіпорны қызметіндегі бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Жетісу ауданының прокуроры Сәкен Өтемұратов Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге үлгілік шартты бекіткен. Оған сәйкес, монополистерге шартта көзделмеген қосымша талаптарды белгілеуге тыйым салынады.

"Алайда прокурорлық талдау нәтижесінде, жария шарттың кейбір талаптары үлгілік шартқа сәйкес келмеген және тұтынушылар құқығы бұзылған. "Алматы су" сумен жабдықтауда тұтынушылар кінәсінен проблемалар болса да, азаматтар мен заңды тұлғаларды қызмет ақысын төлеуге міндеттеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы бұза отырып, осы шарт кәсіпорынға тұтынушылардың жеке деректерін жинау, өңдеу, сақтауға және оларды шарт талаптарын орындау мақсатында мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарға таратуға мүмкіндік бергені айтылды.

"Жетісу ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша, осы заңбұзушылықтар жойылды, 514 мың тұтынушымен жария шарт заңға сәйкес келтірілді. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін "Алматы Су" ШЖҚ МКК ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігі бойынша 800 АЕК (2 333 600 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro