04 мамыр 2021 10:41

Алматы тауларында қара топырақ тағы ұрланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері қара топырақ ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 


Алматы полицейлері қара топырақ ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Табиғат қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен және қоғамдық қорғаушылармен бірге қара топырақтың бақылаусыз қазып алынғанын анықтады.

"Белгісіз адамдар Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында топырақтың құнарлы қабатын (қара топырақ), топырақ пен ұсақ тастарды алу бойынша жұмыстарды рұқсат құжаттарсыз жүргізген. 

Аталған деректер бойынша полиция департаменті 30 сәуірде Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта іске қатысы бар барлық адам анықталып жатыр", - деді Алматы прокуратурасы өкілдері.

Заңсыз қазылған топырақ негізінен құрылыс жұмыстары үшін шикізат ретінде пайдаланылатыны хабарланды. 

Еске салайық, 2020 жылдың қазанында құқық қорғау органдары Алматыда қара топырақты заңсыз қазып алғандарды анықтаған еді. Оқиға Наурызбай және Алатау аудандарында болды.

Ал 2019 жылы Алматы тауларында сирек апорт түрі өсетін тұтас бір бақ жойылды. Осыдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы бақтарды жою деректерін ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети