06 мамыр 2021 | 09:47

Алматы тұрғыны банк несиесіне қатысты алаяқтық схеманы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Алматы тұрғыны өзі құрбаны болған алаяқтық схема туралы айтып берді. Ер адам Қазақстан банктерінің бірінен кепілсіз несие алуға көмектесуге уәде берген әйелдің құрбаны болғанын айтты. Енді ол қылмыскердің кінәсін дәлелдеу үшін ұқсас жағдайға тап болған басқа жәбірленушілерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны өзі құрбаны болған алаяқтық схема туралы айтып берді. Ер адам Қазақстан банктерінің бірінен кепілсіз несие алуға көмектесуге уәде берген әйелдің құрбаны болғанын айтты. Енді ол қылмыскердің кінәсін дәлелдеу үшін ұқсас жағдайға тап болған басқа жәбірленушілерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына кәсіпкер Фархат Амраев хабарласты. Ол 2018 жылы алаяқ құрбаны болғанын айтты. Ер адамның айтуынша, осы жағдайдан кейін оның бизнесі құлдыраған.

"Мені ол әйелмен заңгер таныстырды. Сол кезде компанияма қосымша инвестиция қажет болды. Бірақ банктен несие алу үшін кепіл жоқ еді. Сол әйелге жүгінуге тура келді. Ол 10 пайызын беретін болсақ, банктен 470 миллион теңге алуға көмектесемін деп уәде берді. Нәтижесінде оған ақша аудардық, ол несие ала алатынымыз туралы құжаттар берді. Кейін оның жалған екенін білдік. Сонымен қатар, сеніп жүрген адвокатымның да қатысы бар екені белгілі болды", - деді Фархат Амраев.

Нәтижесінде кәсіпкер ешқандай ақша алмаған. Фархат Амраевтің айтуынша, ақша тапсырыс берушілерге жеткізу қызметі үшін қажет болған.

"Біз ақшасыз қалғандықтан, жұмысты орындай алмадық. Сондықтан Павлодарда алаяқ ретінде қылмыстық іс қозғады. Менің ағам төрт ай түрмеде отырды. Нәтижесінде бизнесіміз құлады. Қазір ол бостандықта. Мен өз атымды тазалап, әйелдің кінәсін дәлелдегім келеді. Оның алаяқтық үшін сотталғаны да белгілі болды. Бұған дейін Жамбыл облысында судья болып жұмыс істеген. Сондықтан мен басқа зардап шеккендерді іздеп, полицияға хабарласуды сұраймын", - деді ол.

Алматы полиция департаменті алаяқтық туралы іс соталды тергеуде екенін растады.

"2018 жылғы қарашада ЖШС директоры Азамат Амраев таныстары арқылы Т. есімді әйелмен танысқан. Әйел өзінің делдалдық қызметтерін 31 миллион теңгеге бағалаған. Алайда ол келісілген соманы алғаннан кейін, уәде берген көмегін көсетпеген.

Бұл факт бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тіркеді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство күдікті алаяқтық дерегі бойынша бұрын сотталғанын айтты.

Жәбірленушілер болса осы телефон бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 (777) 232-31-54.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети