20 қаңтар 2017 | 13:53

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелінің интим суреттерін Интернетте таратып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда танысу сайтында бұрынғы әйелінің интим суреттерін жариялаған ер адамның соты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда танысу сайтында бұрынғы әйелінің интим суреттерін жариялаған ер адамның соты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анатолий Костенконың азаматтық некедегі әйелі оны жала жапты, ар-намысқа тиетін жалған мәліметтерді Интернет арқылы таратты деп айыптады. Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының үкіміне қарағанда, 2015 жылдың 4-14 қазаны аралығында Костенко кек алу мақсатында танысу сайттарының біріндегі "Интим қызметтер" бөлімінде оның суреттерін, ұялы телефон нөмірін орналастырып, сексуалдық сипаттағы қызмет ұсыну бойынша хабарландыру қалдырған.

Хабарландыру қалдыру кезінде тіркелген электрондық поштаның Костенкоға тиесілі екенін оның әріптестері растапты.

"Куәгерлердің айғағына қарағанда, бұл пошта адресін олар Костенконың өтініші бойынша ашқан, сол уақытта сотталушы іссапарда жүрген. Ал mail.ru жауабына сәйкес, поштаның иесі Костенко", - делінген Алматы қалалық сотының үкімінде.

Бостандық аудандық №2 сотының үкімімен Анатолий Костенко ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабының 2-бөлігі ("Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, жала жабу") бойынша айыпты деп танылып, оған бостандығын екі жылға шектеу және пробациялық бақылау бекітілді. 

"Жәбірленушінің азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылды, сотталған Костенкодан 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді, шағымның қалған бөлігіндегі талаптар қанағаттандырылмады", - делінген соттың үкімінде.

Апелляциялық истанция үкімді өзгіріссіз қалдырды.

"Сот үкімімен келіспеймін. Бірде-бір дәлел жоқ. Барлығы да жанама. Қашықтықтан басқару арқыл жасалған. Менің еш қатысым жоқ. Басқа компьютерден, қайдан екені белгісіз. Кінә дәлелденген жоқ. Бл электрондық поштаны ашқан емеспін. Пошта ашылған кезде мен қалада болмағанмын. Поштаны менің қызметкерім ашқан. Ол сотта мұны мойындады. Менің атымнан хабарландыру жасаған адамның кім екенін білмеймін. Кез келген адамның атынан ашуға болады. Енді мені айыпты қылып отыр. Біршама уақыт өткен соң шағым түсіремін", - деді Анатолий Костенко Tengrinews.kz тілшісіне.

Костенконың азаматтық некедегі әйелі мен оның адвокаты пікір білдіруден бас тартты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети