12 қаңтар 2021 | 18:13

Алматы тұрғыны қарақшылық шабуыл жасау кезінде түрін жасыру үшін қасының пішінін өзгерткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны елордада қарақшылық шабуыл жасау кезінде өзінің түрін жасыру үшін қасының пішінін өзгерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны елордада қарақшылық шабуыл жасау кезінде өзінің түрін жасыру үшін қасының пішінін өзгерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, елордалық айырбастау пунктінің 39 жастағы қызметкері 102 нөміріне қоңырау шалып, белгісіз біреудің бөлмеге кіруге тырысып, пышақпен қорқытқаны туралы хабарлаған.

"Әйел есікті ашқанда сол жағалаудағы айырбастау пунктіне медициналық маскадағы жігіт баса көктеп кірген. Пышақпен қорқытып, ақшаны иемденуге тырысқан, бірақ әйел қатты айғайлай бастаған, содан кейін ер адам қорқып, қашып кеткен", - деді тәртіп сақшылары.

Кейінірек полицейлер осы қылмысқа 29 жастағы Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады, ол Нұр-Сұлтанда тәулікке жалға берілетін пәтерде тұрған.

"Жігіт қылмыс жасауға мұқият дайындалып, ол жақтан қашып кету жолдарын ойластырды. Ол тіпті қасының пішінін өзгертіп, оларды біріктіріп, жүрісін өзгертті. Елордалық полицейлер күдіктінің белгілері бар бағдарлар жасап, тұратын жерін анықтады", - деді ведомство өкілдері.

Ер адам тұрғылықты жері бойынша Алматыға кетіп, жасырынып үлгерген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтанда уақытша ұстау изоляторында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети