12 наурыз 2021 09:17

Алматы тұрғыны Петропавлда адам өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Алматы тұрғыны Петропавлда бір отбасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Шабуыл салдарынан бір адам қаза болды, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны Петропавлда бір отбасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Шабуыл салдарынан бір адам қаза болды, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаментінің нұсқасы бойынша, ер адам Петропавлда үш адамға шабуыл жасаған. Ол ұсталған кезде мас күйде болған. 

"28 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен жеткізілді. Соңғысы операция кезінде қайтыс болды. 89 жастағы әйел облыстық көпсалалы аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендердің бәрі - бір отбасының мүшесі", - деді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Күдікті Петропавлға туыстарына қонаққа келген. Пышақпен шабуылдауына не түрткі болғаны әзірше белгісіз. 

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторында, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети