Алматы тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Алматы тұрғынының пәтерінен қару-жарақ арсеналы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғынының пәтерінен қару-жарақ арсеналы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 28 жастағы ер адам атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінген. Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық оқ-дәрі табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Алдын ала болжамға сүйенсек, бұл қару қылмыстық жолмен алынуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды.

"Сонымен қатар ұсталған ер адам тәркіленген қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Аталған деректің мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатыр", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети