Алматы зообағының есепшісі сатылған билеттердің ақшасынан 32 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы зообағының есепшісі сатылған билеттердің ақшасынан 32 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есепшіні қамауға алу туралы шешімді 16 тамызда Алматының Медеу аудандық № 2 соты шығарды.
"Тергеу барысында Н. есімді азаматшаның зообақта есепші-кассир қызметін атқара отырып, 2015 жылдың желтоқсан 2016 жылдың қазан айы аралығында компьютердегі сатылған билеттерге қатысты мәліметтерді өшіріп, зообақтың 32 миллион 390 мың 700 теңгесін жұмсап қойған", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Қылмыстың ауыр болуына байланысты сотта қылмыстық істі басынан соңына дейін тергеп-тексеретін процессуалдық прокурор тағайындалды. Мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында экономикалық салада қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.