Алматыда терроризм, қару-жарақты сақтау және қарақшылық жасау бойынша айыпталып отырған Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот процесі өтіп жатқан тергеу изоляторының ғимаратындағы сотынан. Айта кетейік, мұндай шара, құқық қорғау органдарының мәліметінше, қоғамға өте қауіпті және оның қашып кетуіне байланысты болып отыр.
Алматыда терроризм, қару-жарақты сақтау және қарақшылық жасау бойынша айыпталып отырған Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот процесі өтіп жатқан тергеу изоляторының ғимаратындағы сотынан. Айта кетейік, мұндай шара, құқық қорғау органдарының мәліметінше, қоғамға өте қауіпті және оның қашып кетуіне байланысты болып отыр.
Процеске жәбірленушілердің және сотталушылардың туыстары келді. Тараптарды қатар тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы барлық сотталушының кінәсі дәлелденгенін және қылмыс жасалған қарудың сыбайластардың арасында еркін айналымда болғанын атап өтті. Прокурор Күлекбаевтің сыбайластары оның ниетін біле тұра, оны тоқтатпағанын мәлімдеді.
Прокурор Күлекбаевтің өз сыйбайластарымен бірге жасады делінген барлық қылмысын тізіп, бұл қылмыстарды Күлекбаев сыбайластарымен келісе отырып жасағанына назар аударды. Оның үстіне Күлекбаевтің әрекеттері халықты үркітуге, сонымен қатар құқық қорғау органдарынан кек алуға бағытталған, дейді прокурор.
Ол фигуранттар Әсембекұлы, Сапарбеков және Күлекбаевтің кәсіпкер Мещеряковқа 5-6 миллион теңге көлемінде ақшасын алу мақсатында жасаған шабуылдары кезінде бірге бір пәтерде тұрғанын айтты. Кейін Күлекбаев "Аят" қонақүйінің маңында бір жезөкшені атып өлтірген.
Кейін ол Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының ғимаратына келіп, полиция қызметкері Тоқтарбаевты 5-6 метр жерден атқан. Алайда ол байқап қойып, тығылып үлгерген, осылайша Күлекбаев ойлағанын жүзеге асыра алмаған. Ол аудандық ІІБ ғимаратына баса-көктеп кіріп, Рахматуллаевты атқан, сондай-ақ, ғимарат ішінде атыс шығарған. "Күлекбаев аудандық ІІБ ғимаратынан жүгіріп шығып, бір метр қашықтықтан полиция қызметкері Балтабаевты атқан, алайда оқ оның иығына тиіп, полицей көлікте жасырынған. Осылайша ол тірі қалды. Кейін Күлекбаев Шарипов-Құрманғазы қиылысында полицейлерге оқ атып, ары қарай ДҰҚК ғимаратына кеткен. Сол жақта ол Калашников автоматымен полиецейлерге оқ атқан. Күлекбаев Алматыдағы Салық органының ғимаратына келіп, Бегасылоқа оқ атқан, кейін оның тапаншасын алып, Аян Ғалиевті 8 рет атқан", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Барлық жағдайды оқыған прокурор жәбірленушілерден Күлекбаевтің қолынан қаза болған адамдардың суреттерін көтеруді сұрап, оларға қарата сөз айтты. "Бұл 10 адам бір күнде бақилық болды. Олардың не кінәсі бар?! Олар тәртіпті сақтады, туған бауырлары, аналары, қарындастары қалды. Сіздерге айтамын, сотталушылар, мына адамдарға қараңыздар", - деді ол.
Мемлекеттік айыптаушы іс фигуранттарының жазасын жеңілдететін бірде-бір себептің жоқ екенін мәлімдеді. Ол мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу керек екенін атап өтті.
"Кулекбаев Русланды өлім жазасына кесуді сұраймын", - деді прокурор.
Ол Лю Рафикті мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға соттауды, Сапарбековты мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға соттауды және жазасын түзету колониясында өтеуді, Әсембекұлын және Құсайыновты 11 жылға соттауды сұрады. Ал Әбдімомыновты жалпы тәртіптегі колонияға 3 жылға соттауды сұрады.
Сондай-ақ, прокурор Аян Ғалиевті көрсеткен ерлігі үшін марапаттау керек екенін атап өтті.