Алматы полициясы 10 жастағы қызға тиіскен педофилді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Ұсталған азамат 1963 жылы туылған Алматы тұрғыны болып шықты.

Бұдан кейін Жанна Сапарова педофилдың кім екені көрінген фотосуретті Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Интернетте қыз балаға ер адамның тиіскені бейнеленген видео пайда болған еді. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған.
Бұдан соң Алматы полициясы қылмыскерге іздеу жариялады. "16 мамырда Бостандық аудандық ІІБ кезекші бөліміне әйел адам арызданған, ол өзінің 10 жастағы қызына зорлау әрекеті жасалғанын айтқан. Оқиға 12 мамырда сағат 12.00 шамасында Бостандық ауданындағы үйдің кіреберісінде болыпты. Күдікті ер адамның жасы 45-50 шамасында, бет әлпеті еуропалық сипатта, орта денелі. Күдіктінің кім екенін анықтау жұмыстарына Бостандық аудандық және қалалық криминалдық полиция басқармасының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.