Алматыда 147 миллиард теңгенің жалған шот-фактура жасағандар анықталды. Қалалық прокуратура мәліметінше, өткен жылы ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты 82 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде, Алматыдағы үш ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қолма-қол ақшаға 147 миллиард теңгеден аса сомаға жалған шот-фактуралар жасалған, бюджетке төленбеген салық 29 миллиард теңгеден асты. Сотқа 65 іс жолданды, 11 адам түрлі жазалау шараларына сотталды", - делінген хабарламада.
Салық органдары сотқа қолма-қол ақша беретін компаниялар мен олардың контрагенттері арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 165 талап арыз енгізді, олардың 62-сі бойынша 11 миллиард теңгеге қанағаттанарлық шешімдер шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін 19 қаңтарда жалған шот-фактура жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Тергеу барысында қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асатын бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура жасағаны анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!