Алматыда 18 жастағы бойжеткенді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 18 жастағы бойжеткенді қағып кеткен жүргізуші ұсталды ©Facebook.com

Сәрсенбі күні, 10 маусымда Алматы қаласының жол полициясы қызметкерлері Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында 18 жастағы бойжеткенді қағып кетіп, оқиға орнынан қашқан жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық жол полциясы басқармасының анықтаушысы Дмитрий Путилин хабарлады.

Жол-көлік оқиғасын Қарасай ауданының 1987 жылғы тұрғыны жасаған екен. Ол кінәсін мойындады және қазіргі уақытта одан жауап алынып жатыр. Жол апаты кезінде ол қара түсті Jeep Grand Cherokee автомобилінің тізгінінде болған, көлік оның туысының иелігінде. Айта кетейік, зардап шеккен қыздың анасы Ғалия Қоянбаева ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне алғысын айтты. Оның қызы Махаббаттың жағдайына келер болсақ, қыз №4 қалылық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің пікірінше, оның жағдайы тұрақты.

Зардап шеккен қыз Махаббат ауруханада. ©Facebook.com

Еске сала кетейік, 5 маусымда қара түсті жол талғамайтын көлік 18 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған болатын. Қыз болса бұғанасы сынып, бассүйек ми жарақатымен жан сақтау бөліміне түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети