Алматыда 18 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды

Алматыда 18 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыда өз отандасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Қырғызстан азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің хабарлауынша, 32 жастағы әйел "Керемет" ықшамауданындағы үйлердің бірінде ұсталды. Қылмыстық іс материалдары бойынша, ол Бішкек қаласының 18 жастағы тумасын жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Оның мұндай іспен айналысқаны ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Бостандық аудандық инспекторы жүргізген жедел іс-шара барысында анықталды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 308-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға тарту" бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама