Алматыда 20 жастағы спортшы адам қолынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 20 жастағы спортшы адам қолынан қаза тапты Фото:depositphotos.com

Алматыда 24 желтоқсанда 20 жастағы жігіт адам қолынан қаза тапты. Қылмысқа күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 24 желтоқсанда 20 жастағы жігіт адам қолынан қаза тапты. Қылмысқа күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Наурызбай ауданының аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде біреуі пышақ қолданған.

"20 жастағы ер адамның өліміне қатысты Наурызбай ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.

Әлеуметтік желілерде бірнеше дереккөздер қайтыс болған адам кикбоксшы Әли Серік екенін хабарлады.

Полиция қайтыс болған адамның жеке басын жариялаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети