Алматыда 22 жастағы қыз Lexus автокөлігімен жаяу жүрушіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бірнеше уақыттан кейін автокөліктің жүргізушісі "Думан" ықшамауданынан табылды, қыз бар кінәні мойнына алды, - деп хабарлайды "Тан" телеарнасы.
Алматыда 22 жастағы қыз Lexus автокөлігімен жаяу жүрушіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бірнеше уақыттан кейін автокөліктің жүргізушісі "Думан" ықшамауданынан табылды, қыз бар кінәні мойнына алды, - деп хабарлайды "Тан" телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, жол апаты Халиулина көшесінде болған. Lexus жаяу жүргіншіні үлкен жылдамдықпен басып өтіп, ондаған метрге дейін сүйреп әкеткен. Соның салдарынан ер адамның денесі мүжіліп кетіпті. Ол дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты.
Апат бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнетаспада ер адам жолдан өтіп бара жатып жүрегі ұстап қалғаны анық байқалады. Жүргіншілерге арналған жолдың жартысын өткеннен кейін ол тізерлеп отырып қалып, кейін асфальтқа құлаған. Жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқан көлік оны басып өтіп қана қоймай, бірнеше метр жерге дейін тоқтамай сүйреген.
Белгілі болғандай, жүргізуші қыздың күйеуі бірнеше уақыттан кейін оқиға орнына келіп, жоғалған номерді іздейді де апат болған жерді бақылайды. Бірақ ер азамат жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырмаған. Қыз тергеушілерге адамды қағып, сүйреп кеткенін білмейтінін айтты. Ол жолда үлкен сөмке жатты деп ойлапты.
Полицейлерге қыздың 2009 жылы берілген жүргізуші куәлігі күмән келтірді. Қыз әлі 23 жасқа толмаған, ал куәлік оған алты жыл бұрын беріліпті. Сонда ол куәлікті 16 жасында алған. Дегенмен, заң бойынша жүргізуші куәлігі тек 18 жаста берілуі керек.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.