Алматыда 28 миллион теңге жымқырған шенеунік пен кәсіпкер сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Алматыда 28 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 28 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін Түрксіб ауданының абаттандыру бөлімі "Аstana-Құрылыс ХХI" серіктестігімен 71 миллион теңгеден аса сомаға келісім жасасқан. Бұл қаржыға мердігер "Бас Қарасу" өзені арнасын қалпына келтіруі керек болған.

"Алайда 2019 жылдың тамызынан қыркүйегіне дейін жобаға бөлінген соманың 28 миллион теңгесі ұрланған. Мұны мердігер компания басшысы аудан әкімдігі шенеунігі көмегімен жасаған. Қылмыс атқарылған жұмыс актілеріне көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жасалған", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу барысында Түрксіб аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы Воропаев пен "Аstana-Құрылыс ХХI" серіктестігі басшысы Исаев іске қатысты негізгі айыпталушы болған. Олар сот алдында жауап берді. Воропаев 7 және Исаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Воропаев тағы бір қылмыстық іс бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Одан кейін шенеунік "Қазақ саңыраулар қоғамынан" 3,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

"Воропаев Қазақ саңыраулар қоғамының №2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Дауылбаевадан мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін пара алу кезінде ұсталды. Воропаевқа қатысты сот "екі ай мерзімге қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro