16 қаңтар 2023 | 12:25

Алматыда 30 жастағы ер адамды жабылып зорлаған күдіктілер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам үш кісі жабылып зорлағанын мәлімдеді. Бұл туралы қоғам белсендісі, Nemolchi қорының президенті Дина Таңсәрі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ер адам үш кісі жабылып зорлағанын мәлімдеді. Бұл туралы қоғам белсендісі, Nemolchi қорының президенті Дина Таңсәрі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дина Таңсәрі бұл жағдай туралы Instagram-парақшасында жазды. Оның сөзінше, түнгі бірлерде жәбірленуші ер адам НеМолчиKZ қорына хабарласқан. Ер адам полицияға арыз жазып үлгермеген. Бірден қорға хабарласып, не істеу керегін сұрап, кеңес алмақ болған.

"Біз мұндай жағдайды "Алып жүру" деп атаймыз. Яғни жәбірленушілер бізге полицияға дейін хабарласады, біз зардап шеккендермен сөйлесіп, органдарға хабарласып, адвокат, психолог іздеп көмектесеміз. Түнде Әуезов ауданы Полиция департаментінің басшысы Ұлан Әбілхайырды оятуыма тура келді. Бірден жауап бергеніне алғыс айтамын. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Түнде небәрі екі сағат ұйықтадық. Бірақ таңертең жәбірленуші ер адам күдіктілер жазасын алуы үшін күресетініне ниетті екеніне қуандым.

Әзірге жағдай қалай болғаны белгісіз. Бірақ бұл қылмысты дәстүрлі емес жыныстық бағдары бар адамдарға деген жеккөрушілік негізінде тапсырыс берген адамдар жасағаны. Әлдекімге оның сексуалдық бағдары басқа болып көрінген шығар, сондықтан гомофобтар кек алмақ болған шығар. Не үшін гомофобтардың әрекеті деп ойлаймыз? Себебі олар жәбірленушіге Шариғат заңдары бойынша өмір сүру керегін, ол мұсылмандарды ұятқа қалдырғанын айтқан", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Жәбірленуші ер адам қарсыласуға тырысқан, бірақ үш адам бір ер адамға қарсы шыққан. Оның сөзінше, өзін Жандос деп таныстырған ер адам оны алдын ала үйіне шақырған. Бірақ пәтерде одан бөлек тағы екі адам болған. Олар зорлайтынын айтып, 500 мың теңге талап еткен, артынша төбелес басталып кеткен. Жалғыз қалған жәбірленушінің оларға шамасы жетпеген.

"Бұл жайт бірнеше сағатқа созылған. Зорлықшылардың әрекеті таңғалдырмай қоймайды, соңында олар жәбірленушіні өлтіретіндерін айтқан. Менің ойымша, жаппай зорлауда бұрын мұндай қылмысты бірнеше рет істеген қылмыскерлер болады", - дейді қоғам белсендісі.

Полицейлер зорлау дерегі туралы ақпаратты растап, күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді.

"15 қаңтарда полицияға 30 жастағы жәбірленуші арызданған. Оның айтуынша, бір күн бұрын сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерге ұшыраған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер жедел іздестіру шараларымен қамауға алынды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Ұсталғандар - 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети