13 сәуір 2017 | 17:30

Алматыда 3,5 миллиард теңгенің антиквариаттары контрабандасының жолы кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті. Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіндегілер жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі антиквариат, асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар, маркалы шарап пен коньяк контрабандасының жолын кесті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәркіленген зергерлік бұйымдардың бөлшек бағасы 11 миллион доллардан (3,5 миллиард теңгеден аса) асатыны айтылады.

Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала мәлімет бойынша, тауарлар халықаралық пошта арқылы Еуропа мен АҚШ елдерінен әкелінген.

"Антиквариат заттардың ішінде асыл тастармен және асыл металдармен әшекейленен "Фаберже жұмыртқалары", сондай-ақ, манускриптер. ежелгі қарулар, қылыштар, семсерлер, картиналар, вазала, сирек кездесетін және 20-200 жыл сақталған алкоголь өнімдерінің 70 бөтелкесі болған", - деді Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер.

Сонымен қатар, тәркіленген заттардың тарихи құндылығын және мемлекетке келтірген шығынының көлемін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалғаны айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети