Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"4 жасар қыз қаза тапты. Жасөспірім қыз жарақат алды. Олар Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерімен қозғалып бара жатқан, көлік ішінде төрт бала мен бір ересек отырған. Оқиға 7 қаңтарда болды", - дейді Аружан Саин.
Омбудсменнің сөзінше, ақпаратты әкімдік пен мәйітханадан алып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Аружан Саин 5 қаңтарда Алматыда бір бала оқ тиіп қаза болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, 7 қаңтарда Алматыдағы балалар ауруханасының біріне ауыр жарақаттармен 15 жастағы бала түсті. Омбудсмен бұл уақытта балалар ата-анасымен қала көшелерімен серуендеп жүргенін айтты.
"Мен ата-аналар мен ересек адамдарға үндеу жасаймын - өтініш, балаларды байқаңыздар! Үйде отырыңыздар! Терезеге жақындамаңыздар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар! Қажет болған жағдайда БҒМ байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: +7 7172 74 25 28, +7 7761 70 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29. Із-түссіз жоғалған балалар бойынша 1414 нөміріне хабарласыңыздар", - деді омбудсмен.
Аружан Саин Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Президенттің барлық шешімін қолдайтынын да айтты.
"Бірақ көбі өзімізге байланысты. Сақ болыңыздар, құқық қорғау органдарына халықты қорғауға мүмкіндік беріңіздер", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!