Алматыда 43-тегі әйел велосипед ұрлаумен айналысқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©pg21.ru ©pg21.ru

Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол тұрғындардың екі дөңгелекті көліктерін үйдің кіреберісіне жиі қалдырып кететінін пайдаланған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол тұрғындардың екі дөңгелекті көліктерін үйдің кіреберісіне жиі қалдырып кететінін пайдаланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті үй аулаларындағы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Полиция арыздардың келіп түсуі жиілеп кеткеннен кейін үй аулаларына құрылған бейнекамералардағы деректерді талдап шықты. 

"Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлерінің назарына үйлерге кіріп, велосипедпен шығып жүрген әйел ілікті. 43 жастағы күдіктінің бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол мүліктік және есірткі қылмысымен айналысқан. Біреудің мүлкіне қол салу бойынша күдіктінің 5 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді, ол ересектермен қатар балаларға арналған велосипедтерді де ұрлаған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы қалалық ІІД мәліметтеріне қарағанда, бүгінде қалада 930 аулаға 8,5 мың бейнекамера орнатылған.

Еске сала кетейік, бейнебақылау камераларының Алматыда 51 қылмысты ашуға көмектескені туралы бұған дейін хабарланған болатын. "Арнайы талдау камералардың көмегімен 2014 жылы 51 қылмыс ашылып, 32 356 заңбұзушылықтың анықталғанын көрсетті", - деп хабарлады қалалық полиция.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer