04 желтоқсан 2020 17:02

Алматыда 500 және 5000 теңгелік жалған купюралар шығарылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда 500 және 5000 теңге номиналымен жалған ақша дайындағандар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 500 және 5000 теңге номиналымен жалған ақша дайындағандар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері үш адамнан құралған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар Алматыда жалпы сомасы 3 миллион теңге болатын 500 және 5000 теңгелік жалған купюра дайындаған", - делінген хабарламада. 

Құқыққорғаушылар азаматтардың топ болып жалған теңге шығару үшін цех ашқанын анықтады. Олар бұрын сотталған.

Ведомствоның мәліметінше, сотталғандардың үшеуіне Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 1-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды. Оларға алты жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети