Алматыда тапа-тал түсте "РЭМ Кран" ЖШС қызметкерлеріне оқ атып, 9 миллион теңгені қолды қылған қарақшының кім екендігі белгілі болды. Аты-жөні әзірше жарияланбай отырған жігітті полицейлер бүкіл қаланы тінтіп іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Қарулы шабуыл 8 мамырда түске қарай болған. Қаза болғандар бар. Алматы бойынша ІІД хабарлауынша, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды, олардың құрамында Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасы мен қалалық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері бар. Шұғыл тергеу амалдары мен қылмыскерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметіндегілер. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.