Алматыда A-Parking басшылығы қандай күдікке ілінді?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда A-Parking басшылығы қандай күдікке ілінді? Фото:almaly.kz

Алматыдағы A-Parking басшыларына қатысты соталды тергеу басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы A-Parking басшыларына қатысты соталды тергеу басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті "Алматы тұрағы" (A-Parking) жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қаланың тергеу соты ЖШС басшысына екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

"ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - деп толықтырды агенттік өкілі.

Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети