1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам қанша жылға сотталуы мүмкін? 01 наурыз 2021, 12:03

Ішкі істер министрлігі Алматының тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Дәуітов алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ішкі істер министрлігі Алматының тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Дәуітов алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 426-бабына сәйкес соталды тергеу басталды.

ҚАЖК қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетінің, соның ішінде Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында жасалған бірлескен жұмыстың арқасында ер адам 28 ақпанда Ақтөбе облысында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Ақтөбедегі изоляторға қамалды. 426-бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев.

Бұған дейін Алматыда абақтыдан қашып кеткен қылмыскер 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталғаны хабарланған болатын

Еске салайық, Дамир Дәуітов Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен 15 ақпанда қашып кеткен. БАҚ мәліметінше, ол бұрын да қашқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!