Алматыда адам өлтірмек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам өлтірмек болғандар ұсталды Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматыда адам өлтірмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам өлтірмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға өткен жазда Алматыда болған. Атышулы іс бойынша Жетісу көлік прокуратурасының жетекшілігімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.

"Көлік полицейлерімен бірлесе жүргізілген іс-шара нәтижесінде  А. есімді ер адамның қылмысы әшкереленіп, ұсталды. Тергеу барысында қылмыскердің жәбірленушіге төрт рет оқ атқаны, оның үшеуі нысанаға тигені белгілі болды. Қылмыс дұшпандықтан туындаған", - деді қадағалау органы.

Биыл болған сот үкімімен азамат А. 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мылтықты жасыруға көмектескен азамат К. шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Мемлекеттік айыптаушы аса ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен адамға жеңіл жаза берілгеніне келіспей, үкімді қайта қарау туралы өтініш берді. Апелляциялық сот прокурордың ұстанымын қолдап, азамат К.-ны нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесті", - деп толықтырды прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети