27 ақпан 2014 | 13:50

Алматыда адам ұрған екі полицей бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда екі патруль қызметкері ер адам оның әйелін ұрып-соққаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. Бұл оқиға 2013 жылдың күзінде болды. Сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Николай Бейісов әйелі Жаннамен бірге өз үйінде достарын қарсы алған. Түн ортасында қонақтарды үйіне жеткізіп тастау үшін Бейісов такси шақыртады, бірақ кейін таксидің қызметінен бас тартып, достарын өз көлігімен апарып тастауды ұйғарады. Шақыртқан айыбы үшін таксиге 500 теңге төлейді. Бірақ жүргізуші бұған разы болмай, жанжал шығарады. Көп ұзамай патруль полицейлері пайда болып, Бейісовтің үйіне кіріп оны сабап тастайды. Жәбірленушінің тоғыз қабырғасы сынып, өкпесі жыртылады. Әйелдер мен екінші ер адам да жарақат алады. Ал полицейлер болса, өз жауаптарында сол кезде олардың бірі кепілге алынғанын айтады. Сол себепті көмек шақырып, шара қолдануға тура келген. Алмалы аудандық прокурорының санкциясымен Николай Бейісов тұтқынға алынады. Оның әйелі прокуратураға шағымданып, тиісті тергеу жүргізілгеннен кейін оның күйеуіне қатысты іс тоқтатылды. Полицейлер өкілеттігін асыра пайдаланып, күш пен қару қолданғаны үшін айыпталды. Тәртіп сақшыларына қатысты сот 27 ақпан күні өтті. Судья старшина Бақыт Ерғалиұлы мен аға сержант Бағдат Исмаиловты "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпты деп тану және бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы етті. Сотталғандар мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеу құқығынан бес жылға айырылды. Айта кету керек, аталған бап бойынша ең ауыр жаза - 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети