Алматыда адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1555

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұған дейін рейдерлік жолмен бөтеннің мүлкін басып алумен айналысқан бір топ адамға қатысты тергеу нәтижелері туралы хабарланған болатын.

"Осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Жансейітов Бұрханның мінез-құлқы айғақ. 12 шілдеде күдіктілерді жасырын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат алған Жансейітов құқық қорғау органы іс-әрекетіне кедергі жасау мақсатында мақсатты түрде арандатушылық әрекет ұйымдастырған", - деді ведомство өкілдері.

ҚМА мәліметінше, адвокат жедел қызметкерлер көлігін бөгеп, алдыңғы дөңгелегін тесіп, әйнекті сындырмақ болып, қызметкерлерді әдейі жанжалға арандатқан. Жансейтов әдепсіз сөздер айтып, көліктегі қызметкерлерді күш қолданамын деп қорқытқан. Ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлері талабына немқұрайлық танытып, олардың қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Оның үстіне ол ҚМА жедел қызметкерінің бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

"Жансейітов басқа адвокаттармен тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір тудыру мақсатында адвокаттарды бақылауға алу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жағдайды ұйымдастырды. Бұл "спектакль" телеграм-арналардың бірінде мақсатты түрде көрсетілді. Бұрынғы полиция қызметкері ретінде Жансейітов жедел іс-шараларды құпиясыздандырудың салдары мен жасырын қызметкердің жеке басы туралы жақсы біледі", - деді ҚМА өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
13°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю