Алматыда әке мен бала мопед ұрлаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әке мен бала мопед ұрлаумен айналысқан

Алматыда әке мен оның ересек баласы мопед ұрлаумен айналысқан, полиция осындай бірнеше дерек болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бостандық аудандық полиция басқармасына бірден үш мопед ұрланғаны туралы арыз түскен. Барлық жағдайда ұрлау тәсілі ұқсас болып шықты. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адам мен оның 20 жастағы ұлын ұстады. Тәртіп сақшылары ұрланған мопедтерді де тапты, олар көлікті сатпақ болған. 

Әке мен бала қылмысты түнде жасағаны анықталды. Екі айыпталушы да әрекетін мойындады", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары жеңіл моторлы көлік иелеріне сақ болуға кеңес берді. Ал ұрлық жасалған күнде полицияға өтініш жазғанда өндірушінің сериялық нөмірін көрсету қажет екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети