Алматыда АҚШ-тан заңсыз әкелінген есірткіні сатпақ болғандар ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда АҚШ-тан заңсыз әкелінген есірткіні сатпақ болғандар ұсталды видео кадры

Алматыда АҚШ-тан әкелінген ірі көлемдегі есірткі контрабандасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда АҚШ-тан әкелінген ірі көлемдегі есірткі контрабандасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті.

"Биыл 2 қазанда Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 грамм "марихуана", сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 грамм "гашиш" есірткі заттары табылып тәркіленген тұрғындар ұсталды. Олар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлады, тінту барысында электрон таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети