Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Сондай-ақ, оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев та қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Сондай-ақ, оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев та қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Шахмерден Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев та осы мерзімге қамауға алынды.
Айта кетейік, 2020 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы прокуратурасымен бірлесіп, Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын жемқорлық ісі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары құжатқа жалған мәліметтер енгізгені үшін мердігерлік ұйым өкілінен 500 мың теңге параны банктік шотқа аудару арқылы алу деректері бойынша тергеу жүріп жатыр.